2024 жыл 28 қыркүйек, Алматы қаласы ҚР Орталық музейінде Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласындағы Халықаралық өнер алмасу қауымдастығы мен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы ұйымдастырған "Жер ағыны" атты 16-шы Халықаралық көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеге Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшелері, суретшілер қатысты. Көрме құтты болсын!