Выставки членов СХРК

"Өлгендер қайтып келмейді" кітабының тұсаукесер жиыны

28.05.2024ж. Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, аудандық Мәдениет үйінде Алматы облысы мен Халықаралық Түрксой ұйымы ұйымдастырған Суретшілер пленэрі мен Б.Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай, түрік тіліндегі "Өлгендер қайтып келмейді" кітабының тұсаукесер жиыны өтті. Осы салтанатты жиынға Алматы облысы әкімдігінің шақыруымен ҚР Суретшілер одағының төрағасы Умирбек ЖубаниязовЖұбаниязов Өмірбек Орынбасарұлы қатысып, құттықтау тілегін айтып, ҚРСО-ның 90 жыл мерейтойлық медалімен марапаттады.
Алматы облысы әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлына алғыс хат пен ҚРСО-ның 90 жыл мерейтойлық медалін табыстады. Халықаралық Түрксой Ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев мырза алғыс хатпен марапатталды.
Сондай-ақ, ҚР Түрксой ұйымындағы өкілі Бақытжан Омар мен Түрксой ұйымының бөлім басшысы Волкан Йешілайға ҚРСО-ның 90 жылдық медалі табысталды.
Халықаралық Суретшілер пленэріне Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан суретшілері қатысты. ҚРСО-ның төрағасы Ө.О.Жұбаниязов қатысқан шет елдік суретшілерге ҚРСО-ның 90 жыл мерейтойлық медалі мен кітапты құрметпен табыстады. Қазақстан суретшілеріне естелікке кітап табысталды.
Салтанатты жиында Қазақстанның танымал жазушылары, қоғам қайраткерлері құттықтау сөз алып, жылы лебіздерін білдірді.
Б.Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы құтты болсын!
2024-06-25 10:17