Выставки членов СХРК

Өнер өрелі болсын десек!!!

Өнердің өрелі биіктігінде жүрген әріптестер және осы өнер жолына түсуге талпынған жасұрпақты тәрбиелеп жүрген суретші-педагогтар! Өздеріңіз айтып жүрген өнер және мәдениетке қатысты күрмеуі шешілмеген мәселелерді ой елегінен өткізіп, жазған мақаламды еліміздің бас газеті Егемен Қазақстанға жіберген едім. 27 қыркүйек күні осы мақала жарық көрді. Мәдениет пен өнерімізге бей-жай қарамаған газет басшылығы мен ұжымына алғысым шексіз. Енді осы мақаланы өздеріңізбен талқылап, сіздердің ой –пікірлеріңізді білгім келді. Өнерге деген арнайы заңның болмауы, өнер туындыларының дұрыс бағаланбауы, олардың арзан бағаға шетел асып кетіп жатуы, ұлттық құндылықтарымыздан айырылудың басты себебі болып отыр. Жерасты байлықтарымыз қандай жағдайда екенін менен жақсы білесіздер. Ал рухани құндылықтарымыздан айырылу – ұлт қасіреті, түп- тамырдан ажырау, ұлттың жойылуы. Бейнелеу өнері туындылары, ол ұлттымыздың баға жетпес қазынасы. Ғаламдық өнертанушылар:
- «Бизнесмен "Мона Лиза" картинасын сатуды ұсынды.
Француз бизнесмені Стефан Дистангиан елді қаржы дағдарысынан шығудың жолын "Мона Лиза" атты аңызға айналған картинаны сатудан көріп отыр, деп хабарлайды zakon.kzIndependent-ке сілтеме жасап. Күнсайын біз коронавируспен күреске миллиардтаған евро жұмсап жатырмыз – балалар дәл тас лақтырып жатқандай. Бұл жағдайдың соңы көрінбейді, сондықтан қаржы дағдарысы шексіз болып қалуы мүмкін. Осы шығындардың қайтарымы болуы керек, және оларды бірдеңемен өтеген жөн, - деді Дистангиан. Кәсіпкер дағдарыстан шығу үшін қажетті кірісті есептеп шығарды - 50 миллиард доллар.
Аңызға айналған картинаны Леонардо да Винчи 1503-1505 жылдары жазған. Қазіргі уақытта "Джоконда" Лувр мұражайында қойылған, 2005 жылдан бері арнайы бөлмеде сақталып, оқөтпейтін шынымен қоршалған».
Осыдан көріп отырғанымыздай, «Мона Лизаны» 50 миллиардқа бағалап сату арқылы тығырықтан шығудың жолын айтып отыр. Сол картинаның бағасына, біз салайық деп референдум жасап жатқан АЭС-на шығатын шығын 10-15 миллиард. Сонда ондай қаржыға 4-5 АЭС салуға болады ғой. Шетелдерде АЭС-ты жеке бизнесмендер салғаны туралы ақпаратты оқығаным бар. Олай болса біздерде өз ата-бабамыздан қалған және кейінгі ұрпақ жасаған құндылықтарымызды бағалайтын, қорғайтын ЗАҢ қабылдасақ, кейінгі ұрпақтарымызға үлкен мұра қалдырар едік. Ол мұра қиыншылық туған жағдайда еліміздің қажетіне жарап жатса, қуанарлық іс емеспе.
« Жақсы ниет- ниет қана қарасаң,
Дұрысы оны іс қылуға жарасаң»- дейді жүсіп Баласағұн. Немесе
Ар қайда? Рақым қайда? Әдеп қайда?
Быт-шыт боп неге жүрміз әрбір сайда?
Көз жұмып, «көпен көрген ұлы той»-деп,
Береді бұл надандық кімге пайда?- деп Шәкәрім атамыз 100 жыл бұрын айтқан екен.
Сіз қалай ойлайсыз, осы туралы ойларыңызды білгім келді.
Құрметпен Тоққожа Мұқажанұлы Қожағұлов
Суретші-педагог, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі