Выставки членов СХРК

Мамбеев Сабыр Әбдірәсілұлы тұрған үйдің қасбетіне мемориалдық тақта орнату рәсімі

2024 жыл, 2 мамыр күні Мамбеевтер мен Аманжоловтар отбасы Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстанның Халық суретшісі, мемлекет және қоғам қайраткері Мамбеев Сабыр Әбдірәсілұлы тұрған үйдің қасбетіне мемориалдық тақта орнату рәсімі өтті. Мемориалдық тақта Назарбаев көшесі, 128, Қабанбай батыр көшесінің қиылысында орын алды. Салтанатты ашу рәсіміне Алматы қаласы мәдениет басқарма басшысы Майлибаев Ғани Айдарұлы, ҚР Суретшілер одағы төрағасы Жұбаниязов Өмірбек Орынбасарұлы, мемлекет және қоғам қайраткері, өнертанушы Жангелдин Ермек Тоқтағалиұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Джапаров Борис Аликенович, өнертанушы Барманкулова Баян Карибаевна және С.Ә.Мамбеевтің қызы Жанар Сабырқызы Мамбеева қатысып, сөз алып өз тілектерін білдірді.