Алматы қаласы, ҚР Орталық Мемлекеттік музейде, Тәуелсіздік алғаннан бері алғаш ұйымдастырылған графикалық туындылардан тұратын "Қазақстан графикасы" атты көрме ашылуы өтті. Ұйымдастырушы ҚР Суретшілер одағының Басқарма және секретариат мүшесі Марлан Нысанбаев Кеңесұлы. ҚР Суретшілер одағының төрағасы Жұбаниязов Өмірбек Орынбасарұлы құттықтау сөз айтып марапаттады!