2024 жылы 4 қазан күні Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші, зергер Естай Дәубаевтың "Зердем-өнерімде" атты мерейтойлық жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Көрме ашылуы барасында ҚР Суретшілер одағының төрағасы Жұбаниязов Өмірбек Орынбасарұлы, Естай Дәубаевқа "Бейнелеу өнеріне сіңірген еңбегі үшін" медалін табыстады. ҚР Суретшілер одағының жобалар бойынша менеджері, өнертанушы Ли Камилла Витальевна зергердің шеберлігін атай отырып, жылы лебізін білдірді.
Зергерлік өнер киелі де қасиетті. Оған ең алдымен табиғаттан дарыған тума талант керек. Сонымен қатар онда атадан балаға, ұстаздан шәкіртке берілетін тылсым сыр бар. Зергер болу халықтың дәстүрлі дүниетанымымен, тарихи болмысымен қатар өмір сүріп, терең түсінуі.
Бүгінгі көрмеден қазақ халқының байлығын сезіне отырып, әсемдік пен жоғары эстетикалық талғамды көруге болады. Көрме құтты болсын!