Выставки членов СХРК

1 марта 2024 года в 16:00 выставка Хайрулиной Асии Укеевны «ПОЧУВСТВУЙ...».

2024 жылдың 1 наурыз күні, сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның белгілі акварелист суретшісі, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «IWS Kazakhstan» халықаралық акварельдер қауымдастығының мүшесі, «Көпір» суретшілер қауымдастығының мүшесі, Қазақстанның мәдениет және бейнелеу өнері саласындағы Халықаралық және қазақстандық жобалар мен көрмелердің авторы және ұйымдастырушысы, Әбілхан Қастеев атындағы алтын медалінің иегері Әсия Үкіқызы Хайрулинаның «СЕЗІН...» атты жеке шығармашылық көрменің ашылу салтанаты өтеді.

Экспозицияда эмоциялардың жарқын палитрасымен және эксперименттің батылдығымен таң қалдыратын 100 ерекше туындылар қойылады.

Көркемсурет өнерінде әрбір суретші өзіндік шығармашылық қолтаңбасымен ерекше. Бүгінде замануи бейнелеу өнеріндегі қайталанбас шығармашылық туындыларымен танылған суретшілердің бірі - суретші Әсия Үкіқызы Хайрулина.

Қазақстан акварель өнерінің қалыптасуына өз үлесін қосқан әкесі Үкі Әжиевтің ізін басқан Әсия Хайрулина қарапайым бейнеден терең ой тастайтын дүниетанымдық ұстаным мен композиция ырғағына қарай үйлесімділікті шебер береді. Суретші табиғаттың тылсым құбылысын немесе бір заттың әр қырынан мың құбылта бейнелеген туындыларында ерекше ғажайып бір дүние тынысын жүрекке жеткізуді тәжірибелеп келеді. Осы тұста, суретші Әсия Хайруллина – «Әр суретшінің шығармашылықта өзіндік көзқарасы мен түсінігі бар. Тарихи жанрдағы кейбір шеберлер, олар замандастарынан жасырылған уақытқа алаңдайды. Басқалары қоршаған әлемді, оның күнделікті өмірі мен сұлулығын тамашалайды. Үшіншісі терең рухани құпияларды ашады. Маған фрагменттер, мозаика және қасқағым сәттің егжей-тегжейлері, қайталанбас әсерлер және бейнелердің күтпеген иірілімдері жаныма жақын... Тек өнер ғана адамдарға өздері ойлап тапқан тұрақты ережелерге сәйкес келмейтін әртүрлі болуға мүмкіндік береді! ...»,- деп, шығармашылық ерекшелігіне түсінік береді. Расында да, суретшінің қай жанр болмасын, кеңістіктегі форманың кескінделуіне және оны орындау әдістерді тәжірбие жасаудан қуат алатыны байқалады. Сонымен қатар, Әсия акварель өнерінде қалыптасқан тұрақты әдісте ғана емес, жаңаша сипат беретін түрлі әдіс-тәсілдерді үнемі іздеуін туындыларынан көреміз. Мәнерлі келген бояу түстердің үндестік үйлесімділігі мен айрықша реңктері ғажайып бір сезімге жетелейді.

Көрме наурыз айының 20-на дейін жалғасады.

Көрме жетекшісі: Жуваниязова Гүлнар Қуандыққызы,

Әбілхан Қастеев ат. ҚР МӨМ-нің «Педагогика және экскурсия» бөлімінің жетекшісі

-------------------------------------------------------

1 марта 2024 года в 16:00 часов в Государственном музее искусств РК имени Абылхана Кастеева состоится открытие персональной выставки известного художника-акварелиста Казахстана, члена Союза художников РК, Члена Международной Ассоциации Акварелистов IWS Kazakhstan, члена ассоциации художников «Мост», автора и организатора Международных и казахстанских проектов и выставок в области культуры и изобразительного искусства Казахстана, обладателя золотой медали имени Абылхана Кастеева – Хайрулиной Асии Укеевны «ПОЧУВСТВУЙ...».

В экспозиции будут представлены более 100 уникальных произведений, завораживающих яркой палитрой эмоций и смелостью эксперимента.

В художественном мире каждый художник обладает своим особенным почерком. Сегодня в современном изобразительном искусстве Асия Укеевна Хайрулина известна как мастер, чье творчество отличается уникальной стилистикой.

Асия Хайрулина, идя по стопам своего отца – Уке Ажиева, который внес свой вклад в становление казахстанского акварельного искусства, выходит за рамки общепринятого восприятия этой техники, а реальные события и материальные предметы обретают в ее композициях завесу особой таинственности и загадочности. Они увлекают к размышлению. Каждый зритель может увидеть для себя то, что близко только ему.

Сама художница дает такое объяснение своему творчеству: «У каждого художника есть свое виденье и понимание себя в творчестве. Одни мастера в историческом жанре, их волнует время, которое было скрыто от современников. Другие любуются окружающим миром, его каждодневной жизнью и красотой. Третьим открываются глубокие духовные тайны. Мне близки фрагменты, мозаика и детали момента, секунды скользящих неповторимых впечатлений и непредсказуемое сплетение эмоций и образов... Только искусство позволяет людям быть такими разными, никак не вмещающимися в придуманные ими же стандарты и правила!»

Выставка продлится до 20 марта 2024 года.

Куратор выставки: Жуваниязова Гульнар Куандыковна

Руководитель отдела «Педагогика и экскурсии» ГМИ РК им. Абылхана Кастеева