19 қарашада Алматы қаласының Almaty галереясында Суретшілер одағының мүшесі Расул Естемесовтың "Көшпенділер өркениетінің өрнегі"атты жеке көрмесі ашылды. Салтанатты ашылу барысында ҚР Суретшілер одағының төрағасы Жұбаниязов Өмірбек Орынбасарұлы өз құттықтауын айтып, "Бейнелеу өнеріне сіңірген еңбегі үшін" медалін табыстады.
Суретшінің шығармашылығы жан-жақты, салалы екені көрінеді. Негізгі тақырыптары ертегі әлемінде жүрген кейіпкерлер өмірінен алынған көрініс тәріздес. Кез келген көрерменді баурап алары сөзсіз. Туындылары балалық шаққа саяхат жасауға мүмкіндік береді. Көрме құтты болсын!