30 қазанда Суретшілер одағында Әділет министрлігі "Суретшілердің құқықтарын қорғау және сақтау" тақырыбында семинар ұйымдастырып, өткізді. Суретшілер үшін авторлық құқықты қорғаудың маңызды мәселелері, суретшілер мен олардың шығармаларын құқықтық қорғауды жетілдіру мүмкіндіктері мен перспективалары талқыланды. Семинар аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары Кәкен Гүлнар Қаратайқызы, Алматы қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасарыБазарбаев Қанат Бахитұлы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" ШЖҚ РМК Авторлық құқық басқармасының басшысы Аввалова Раушан Давлетмұрадқызы және "Қазақстандық репрографиялық құқықтар және айрықша өнер өндірісі қоғамы" ҚБ төрағасы Абдулхаликов Ринат Абдулханұлы болды. ҚРСО Басқарма мүшелері мен хатшылығы мәселелерді талқылауға белсенді қатысты. Семинар қорытындысы бойынша суретшілердің авторлық құқықтарын қолдау және ілгерілету бойынша бірлескен мәселелер талқыланды. ҚР Суретшілер одағы ҚР Әділет министрлігі өкілдерінің ынтымақтастығы үшін білдіреді! Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті