Болат Мұхамедиевтің "Уақыт резонансы"атты жеке көрмесі
20 қарашада Алматы қаласы ҚР Орталық музейінде ҚР Суретшілер одағының мүшесі Болат Мұхамедиевтің "Уақыт резонансы"атты жеке көрмесінің салатанатты ашылуы өтті. Ашылу барысында ҚР Суретшілер одағының төрағасы Жұбаниязов Өмірбек Орынбасарұлы жылы лебізін білдіріп, "Бейнелеу өнеріне сіңірген еңбегі үшін" медалін табыстады. Суретшінің шығармашылығындағы ерекшелік авторлық сандық кескіндеме және графикалық туындыларынан көрінеді. Негізгі тақырыптары бүгінгі күнгі сандық көріністер белгісі, аспан пен жерде болып жатқан оңды солды қозғалыс. Зымырап өтіп жатқан уақыт тәріздес. Көрме кең ауқымды ойға бағыттайды. Көрме құтты болсын!