Выставки членов СХРК

Шетелдік суретшілердің туындыларын музейге табыстау

Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының 90 жылдыққа арналған Халықаралық көрмесіне қатысқан шетелдік суретшілердің туындылары Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік Өнер музейіне табысталу сәті!
2024 жылдың 14 мамырында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде суретші, Қазақстан Суретшілер одағы Басқармасының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов пен музей директоры Жұмабекова Гулаим Мұсағұлқызы және музей әкімшілігімен салтанатты кездесу өтті.
Кездесу барысында, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Суретшілер Одағының 90 жылдық мерейтойы аясында өткен, «1933-2023 Қазақстан Республикасының Суретшілер одағына 90 жыл» Халықаралық көрмесіне қатысқан суретшілердің авторлық туындылары музейі қорына табысталды.
Берілген тізім бойынша музей директоры Жұмабекова Гулаим Мұсағұлқызы әр суретшіге ризашылығын білдіріп «Алғыс хаттарын» табыстады:
Әзірбайжан
1. Адиль Юсифов “Корабль”, 2020
2. Бахрам Халилов “Городкрасного Средиземноморья”, 2001
Қырғызстан
3. Суйутбек Торобеков “На каменной лодке”, 2017
4. Усубалиев Таалайбек “Портрет Имана”, 2010
Өзбекстан
5. Кулманов Эрик “Арал”, 2015
Грузия
6. Автандил Топурия “Прогулка с велосипедистом”, 2023
7. Закир Чедия “Композиция”, 2019