Выставки членов СХРК

"Түрлі-түсті жаңбыр" атты кескіндеме және графика туындылары

8 қараша Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшелері, Шымкент суретшілері Насыр Рустамов, Араншы Шаржанов, Сұлтан Иляев, Абдуахат Мұратбай және Мұхтар Бекеновтың "Түрлі-түсті жаңбыр" атты кескіндеме және графика туындыларынан тұратын топтық көрмесінің ашылуы өтті.
ҚР Суретшілер одағы атынан Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының жоба бойынша менеджері, өнертанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ли Камилла Витальевна құттықтау айтып, жылы лебізін білдірді.
Көрме мың бояулы жаңбыр тамшыларынан құралған кемпірқосақ реңктерімен теңеседі. Суретшілер топ болғанымен, жеке қолтаңбаларымен ерекшеленеді.
Көрме құтты болсын!
2024-11-12 11:05