Выставки членов СХРК

«Ұлт өзегі – ұлы дәстүр» Наурыз мерекесіне орай Пернегүл Омарованың миниатюралық мүсіндер көрмесі

2024 жылдың 20 наурызында сағат 15.00-де Алматы музейінде Наурыз мерекесіне орай Пернегүл Омарованың «Ұлт өзегі – ұлы дәстүр» атты авторлық қуыршақтарының көрмесі ашылады. Көрмеге автордың қазақ халқының философиясы мен дүниетанымын тақырыптық композицияларда бейнелейтін 22 миниатюралық мүсіні қойылады.
Пернегүл Омарова – Қазақстандық белгілі мүсінші және қуыршақ шебері. Дизайнердің қуыршақтары – күрделі, бір данада ғана жасалған жұмыс туындылары болып табылады. Көрмеде ұлы тарихи тұлғалардың бейнелері, қазақ халқының аңыз-ертегілердің кейіпкерлері, халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін көрсететін бейнелер қойылған.
Көрменің басым бөлігі әйел затының рухани әлемін бейнелейтін миниатюралық мүсіндерден тұрады. Нәзік ана, қамқор әпке, адал жар, әженің жылуы, жауынгер қазақ қызы секілді нағыз қазақ қыздарын бейнелейтін қуыршақтары көрмеге қойылған. Көрме 2024 жылдың 3-ші сәуіріне дейін жалғасады.
Құрметті БАҚ өкілдері, сіздерді Наурыз мерекесіне орай өтетін «Ұлт өзегі – ұлы дәстүр» атты Пернегул Омарованың миниатюралық мүсіндер көрмесінің ашылуының құрметті қонағы болуға шақырамыз!
Өтетін орны мен уақыты: Алматы қ., Қабанбай батыр к., 132
20 наурыз 2024 жыл, сағ.: 15.00.
Қосымша ақпарат: 267-59-05
Instagram: @almatymuseums
Facebook: Алматы музей
---------------------------------------------
Выставка миниатюрных скульптур - авторских кукол Пернегуль Омаровой, посвященная празднику Наурыз «Ұлт өзегі – ұлы дәстүр»
20 марта 2024 года в 15.00 часов в Музее Алматы состоится открытие выставки миниатюрных скульптур - авторских кукол Пернегуль Омаровой, посвященная празднику Наурыз. В экспозиции будут представлены 22 миниатюрных скульптур автора, отражающие в сюжетных композициях философию, миропонимание казахского народа.
Пернегуль Омарова - известный в Казахстане скульптор и художник по куклам. Авторские куклы – подлинные произведения искусства сложной работы, сделанные в единственном экземпляре. Они задумываются и рождаются, подобно живописи или музыке, и главное в их природе – художественный образ. В экспозиции представлены образы великих исторических личностей, персонажи легенд и сказок казахского народа, сцены, показывающие быт, обычаи и традиции народа, поэтические образы.
Большая часть экспозиции составляют миниатюрные скульптурные композиций, отражающие духовный Мир Женщины. Женское начало является вдохновляющим и направляющим весь род человеческий. Нежная мать, заботливая сестра, уютная аже, преданная жена, смелая воительница в таких разнообразных ипостасях представлена казахская женщина в данной коллекции. Выставка продлится до 3-го апреля 2024 года.
Уважаемые представители СМИ, приглашаем вас стать почетным гостем выставки миниатюрных скульптур – авторских кукол Пернегул Омаровой, посвященного празднику Наурыз
Место и время: г. Алматы, ул. Кабанбай батыра, 132
20 марта 2024 года, время: 15.00
Дополнительная информация: 267-59-05
Instagram: @almatymuseums
Facebook: Музей Алматы