2024 жылы 5 қазан айында Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде ҚР Суретшілер одағының мүшесі, "Құрмет" ордені иегері, ҚР қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Беккулованың 70 жылдық мерейтойына орай "КӨА" атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы болды.
Көрме ашылуында ҚР Суретшілер одағының төрағасы Жұбаниязов Өмірбек Орынбасарұлы Айжан Беккуловаға "Бейнелеу өнеріне сіңірген еңбегі үшін" медалін табыстады. ҚР Суретшілер одағының жобалар бойынша менеджері, өнертанушы Ли Камилла Витальевна суретші-шебердің шығармашылығының қыр-сырын ашып, көркем шығармашылықтың маңызды сәттерін айтып, жылы лебізін бідірді.
Айжан Беккулова киізден, жүннен өзіндік мәнермен гобелендер, киім үлгілерін орындағаны, ағаштан, қыштан, моншақ пен түймеден ғажайып пішінді бұйымдар жасағаны шебер. Туындыларында таңбаға, белгіге, символға ерекше мән беретінін ашық көрсетеді. Мазмұны терең мағналы. Көрме ауқымы кең, бай, көркем және көрерменнің алары көп болды. Көрме құтты болсын!🌷🌷🌷